Месячные архивы: Апрель 2018

Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинар — тренинг

   Елімізде адам құқықтары қалай қорғалып жатыр?  Құқықтық Қазақстанда тұрғындардың заң тұрғысындағы сауаттылығы қандай? Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында облыс әкімдігінде «Қазақстандағы Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты тақырыпта іргелі де көкейкесті мәселеге өзек болған жиын болып өтті. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия­ның хатшысы Тастемір Әбішев, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарла­малар кеңсесінің құқықтық мәселелер және адам құқықтары бойынша ұлттық ...

Читать далее »

Журналистер наурызды ерекше атап өтті

Наурыз мейрамын тойлау… әлі жалғасуда. Көктем мерекесі саналған жаңа жылды… облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты ақпаратты талдау орталығы қызметкерлері атап өтті. Ұжым халыққа қалтқысыз қызмет етуден жалықпаған журналистер қауымын жинап, бір дастарханда бас қосты. Түбі бір түркі халқы ұлыстың ұлы күнін жаңару мен рухани жаңғырудың мерекесі деп санайды. 5 мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамын өңір журналистері де естен кетпейтіндей ...

Читать далее »

Ғылымға көптiң ақылы жүрмейдi…

Соңғы кезде әлiпби ауыстыру мәселесiн, ауыстыра қалған күнде қай әлiпбидi таңдау жайын халық талқысына салып, референдум арқылы шешу керек деген ұсыныстар айтылып жүр. Шындығында, бұл мәселе бүкiл халық жабылып шешетiн iс емес екенiн, кешiрiңiздер, түсiнген жөн. Әлiпби жобасын тiл мамандары (фонетистер) дайындайды, сонан соң педагог-ұстаздар, әдiскерлер, сызба шеберлерi, көз дәрiгерлерi, психологтар, т.б. арнайы сараптаудан өткiзедi. Жоба арнайы сараптаудан өткен соң ...

Читать далее »

Жалған ақпарат пен «қате» пікірлер ғасыры

Қырық рет қайталанған өтірік шындық ретінде қабылданады СРАС телеарнасының президенті, Канададағы беделді медиа тұлғалардың бірі Кэтрин Кано «біз ақпараттың анықтығы мен шынайылығын қадағалауды қолдан жіберіп алдық. Өткен айдағы сауалнама кезінде канадалықтардың 80 пайызы жаңалықтың фейк екенін бірден анықтай алатынын айтты. Бірақ солардың 63 пайызы тест кезінде шындықты ажырата алмады. Бұл оңайға соқпайды. Өйткені шын сияқты көрінеді. Бүгін не болып жатыр? ...

Читать далее »

Асқар есімі асқақтаған күн

Созақ ауданында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің 80 жылдығына орай «Сөз зергері» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шарада Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларынан іріктелген 14 үміткер бақ сынады.   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тіл мәдениетін көтеріп, талантты жастарды таныту мақсатында ұйымдастырылған сайыста А.Сүлейменов шығармаларынан үзінділер оқылды. Байқауға ҚР мәдениет қайраткері, ақын ...

Читать далее »

«Astana musical» театры – оңтүстiкте!

Мақпал ТӨРЕБЕК, Оңтүстік Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қолдауымен Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында «Astana Musical» театры «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін сахналады.   Кеш барысында сөз алған театрдың негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров Қазақстанда осыдан екі жыл бұрын құрылған тұңғыш мамандандырылған театрдың репертуарында 5 қойылым болса, соның ішінде «Қыз Жібек» мюзиклінің орны бөлектігін айтты. – Өткен ...

Читать далее »

Көз — қорқақ, қол — батыр

Н.НАЗАРБАЕВ: «Қазақ тiлiн бiртiндеп латын әлiпбиiне көшiру жұмыстарын бастауымыз керек. Бiз бұл мәселеге неғұрлым дәйектiлiк қажеттiгiн терең түсiнiп, байыппен қарап келемiз және оған кiрiсуге Тәуелсiздiк алғаннан берi мұқият дайындалдық».   Қазақ әлiпбиi – қазақ тiлi әрiптерiнiң жүйелi тiзбегi, қазақ халқының мәдени өмiрiнде басқа да түркi халықтарымен бiрге пайдаланылып келген әртүрлi әрiп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесi. Ұлттың тiлдiк ерекшелiгiне сай ...

Читать далее »

Әдеттің қалыптасуы — санадан

Н.НАЗАРБАЕВ: «Қанымызға сіңген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес». Елбасы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әрбiр қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бiрнеше бағытын айта келiп, прагматизмге ерекше тоқталады.   Шынында да ата-бабалардан мирас болып қалған шынайы қазақы құндылықтар – прагматизмнiң нағыз көрiнiсi. Мiнез-құлық пен iс-әрекеттiң, тұрмыстық мәдениеттiң табиғатқа үйлесiмдiлiгi экологиялық тұрғыдан дұрыс өмiр салтын ұстануға ықпалын ...

Читать далее »

Шындық… Сізге керегі қандай шындық?

немесе «САРЫАҒАШ ОҚИҒАСЫНАН» НЕ ТҮЙДІК? Абай БАЛАЖАН, «Оңтүстік Қазақстан». Бүгінде екі қазақ кездесе қалса, біріншісі «Ассалаумағалайкум, Уағалайкумассаламнан» кейінгі әңгімені «е, несін айтасың, заман өзгерді ғой…» дегеннен бастайды. Оған екіншісінің де жауабы дайын. «Заманның өзгерген ештеңесі де жоқ, күн сол орнынан шығады, сол орнынан батады, өзгерген адам. Адамның пиғылы бұзылды ғой, бұл күнде». Бұл әңгіме кеше де дәл осылай айтылатын. Біз ...

Читать далее »

Биыл «Тассай» индустриялық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылатын болады

Биыл «Тассай» индустриялық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылатын болады.  Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Бұл туралы аталған өндірістік аймақтың жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы алдымен «Asia Trafo» ЖШС 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауытын аралап көрді. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды ...

Читать далее »