Месячные архивы: Апрель 2018

ОҚО-да автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтуде

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы Шымкент қаласының шығысындағы Сайрам және Төлеби аудандары бағытындағы автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтуде. Өңір басшысы Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда тиісті қаржы қаралып, құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұттың мәлімдеуінше, жолдарды жөндеу жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілмек. «Сайрам-Қарамұрт аралығындағы автомобиль жолын жөндеудің жалпы құны 2039,0 млн. теңгені құрап, ағымдағы ...

Читать далее »

«Сбербанк» АҚ ОҚО-ның екі қаласынан өз бөлімшесін ашуға қызығып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Ресей Жинақ банкі» АҚ еншілес банкі басқармасының төрағасы А.Камаловпен, Басқарма төрағасының орынбасары Н.Щукинамен және «Жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Е.Абуовпен кездесті. Басқосуда тараптар бірлесе жұмыс істеп, өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру жайын әңгімеледі. Кездесу барысында қонақтар Түркістан қаласы мен Сарыағаш ауданынан банктің филиалдық бөлімшелерін ашуды ұсынды. Өз кезегінде аймақ басшысы банк өкілдерінің мұндай бастамаларына ...

Читать далее »

ОҚО-да эпизоотиялық ахуал қалыпты деңгейде

Оңтүстік Қазақстан облысында бекітілген жоспарға сәйкес жануарлар арасындағы аса жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша вакцина егу және аллергиялық тексерулерге қажетті дозалар уақытында жеткізіліп, алдын алу жұмыстары мерзімінде орындалуда. Бүгінгі таңда облыс көлеміндегі эпизоотиялық ахуал тұрақты дейгейде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Сейілбеков Тілләбек мәлім ...

Читать далее »

Сарыағаштық шаруалар 14 мыңға жуық гектар жерге көкөніс дақылдарын екті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданына арнайы іс-сапармен барып, бірқатар шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты. Алдымен өңір басшысы Біртілек ауылдық округіндегі құлпынай өсірумен айналысатын «Нұржан» шаруа қожалында болды. 2011 жылы құрылған қожалық бүгінде 1,6 гектар жылыжайға құлпынай өсіріп келеді. Жобаның құны 75 млн. теңгені құрайды. Аталған шаруашылықта 30 адам жұмыспен қамтылған. Қожалық иесінің сөзінше, 1 маусымда 50 тонна көлемінде құлпынай ...

Читать далее »