Месячные архивы: Май 2018

ОҚО-да алғаш рет «Туған жерге тағзым!» мектеп бітірушілердің шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында алғаш рет «Туған жерге тағзым!» атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Аталған шара үш жүздің басын қосқан Ордабасыда түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері басшыларының басқосқандарына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ордабасы ауданы «Бірлік» монументі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығында өткен салтанатты шараға облыс ...

Читать далее »

Қазақ қызын әлемге танытқан Дворцевойды шымкенттіктер қазақ қылды

Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен  «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кездесті. Еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға өңір басшысы жерлестерінің атынан шынайы алғысын жеткізіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сонымен қоса ...

Читать далее »

ОҚО жыл соңында сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директоры Елдос Нәшірәлінің және «Қазтелерадио» АҚ-ның тұтынушыларды қолдау және сату орталығы директоры Ғани Тұматовтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте спикерлер облыстың сандық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуі желтоқсан айына жоспарланғанын хабарлады. Спикерлер жаңа форматқа көшуді қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстың атқарылғандығын атап өтті. Атап айтқанда, 79 радиотелевизиялық станциялар ...

Читать далее »

Ынтымақты елдің ырысы мол

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында ...

Читать далее »