Месячные архивы: Октябрь 2018

Түркістан қаласы 3 аймақ бойынша дамитын болады

Түркістан қаласының дамуы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, құрылыс, жаңа нысандар

Түркістан қаласының дамуы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған даму концепциясы жасалынып, Түркістан қаласын 3 аймақ бойынша дамыту жұмыстары әзірленуде. Атап айтқанда, тарихи киелі аймақ — 89 гектар; құрылыс салуды реттеу аймағы — 98 гектар; әкімшілік-іскерлік орталығы — 700 гектар аумақта орналасқан. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы баяндамасында 3 ...

Читать далее »

Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды

31 қазанда Түркістан қаласында «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы мен «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, бұл қадам Түркістанның Түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық орталығына айналуына серпін беретінін жеткізді. Медиа орталықта брифинг және шағын кеңестер өткізетін орындар бар. Жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен және ғаламтор желісімен толықтай қамтылған. Мұнда Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенттерінен құралған ерікті жас журналистер клубы жұмыс істейді. 70 адамға лайықталған залы бар. Медиа орталық арқылы түрік, әзірбайжан, орыс, өзбек, қырғыз тілдерінде ақпарат таратылады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркістан облысы туралы ақпараттарды ағылшын тілінде де тарату көзделіп отыр. Қасиетті қалаға келген отандық және шетелдік журналистер ақпарат таратуда орталықтың қызметін ақысыз пайдалана алады. Осы арқылы Түркістан облысы мен Түркістан қаласының туристік әлеуеті жоғарылап, инвестициялық тартымдылығы артады деген сенім бар. Ал, «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубында түрлі тақырыптарда басқосулар, дөңгелек үстелдер мен ел руханиятына оң ықпал ететін жиындар өткізіліп тұрады. Еліміздің интеллектуалды тұлғалары клубтың отырысына арнайы шақыртылып, түрлі ойлары мен ұтымды ұсыныстарын ортаға салады. Бұл кездесулер телеарналар мен әлеуметтік желілерде арнайы бағдарлама ретінде көрсетіледі. Қазақстандық және шетелдік БАҚ басшылары медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі. Осындағы жас журналистермен және студенттермен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубының бірінші отырысы өтіп, алғашқы спикерлер ретінде облыс әкімі Ж. Түймебаев пен танымал публицистер Түркістанның дамуы жөніндегі ойларын ортаға салды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

31 қазанда Түркістан қаласында «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы мен «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының  жетекшілері мен өкілдері қатысты. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орталықтардың жұмысына сәттілік тілеп, бұл қадам Түркістанның Түркі әлемінің рухани әрі ақпараттық орталығына айналуына серпін беретінін жеткізді. Медиа орталықта брифинг және шағын кеңестер өткізетін орындар ...

Читать далее »

Түркістанға миллионыншы турист келді

Түркістан, туризм, миллионыншы турист, Ж.Түймебаев

Бүгін Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды.    Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка азаматтары Орта Азия елдері ішінде Түркістанға жиі келетіндерін жеткізді.   «Түркістан – Орта Азия мемлекеттері ішіндегі тарихқа бай, киелі мекендердің бірі. Біздің елдің азаматтары осы ...

Читать далее »

Түркістанда мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

мемлекеттік қызмет, Түркістан облысы, жаңа нысан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Түркістан қаласында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті Б.Абдрасилов, «Сырдария» университетінің ректоры С.Дайырбеков, сондай-ақ департамент қызметкерлері, университет ұжымы мен студенттер қатысты. Кездесуде ...

Читать далее »

Түркістандық кәсіпкерлер Елбасы Жолдауын қолдап, жұмысшылардың жалақысын көтереді

Жолдау, кәсіпкерлер, Жолдауға қолдау, Түркістан облысы, Жалақы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында     2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны көтеру туралы тапсырма берген болатын. Осыған мәселеге орай ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен  халық табысын өсіру және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру тұрғысынан Елбасы Жолдауын іске асыру бойынша селекторлық кеңес өтті. Кеңесте әлеуметтік салаға жауапты министрлік пен құрылымдардың басшылары жалақыны көтеру ...

Читать далее »

Түркістан облысында халықаралық «SAFARI SHARDARA» фестивалі өтті

Safari Shardara, Сафари Шардара, Шардара, Түркістан облысы, Түймебаев

Шардара ауданы «Аққала» демалыс аймағының жағалауында алғаш рет «SAFARI SHARDARA» атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды. Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деңгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, желкенді қайық, академиялық есу, жағажай волейболы мен футболы, қол күресі, гир көтеру, арқан тарту, бөренге өрмелеу, қошқар ...

Читать далее »

Түлкібас ауданында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау рәсімі өтті

Адал ұрпақ, Түлкібас ауданы, сыбайлас жемқорлық

Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ — Мәңгілік елдің кепілі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев 2018 жылдың 24 қазан күні Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының ұжымымен кездесті. Іс-шараның мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ...

Читать далее »

Түлкібас ауданындағы кездесуде Жолдау бағыттары мен факторлы-баллды шкала тәртібі түсіндірілді

100 нақты қадам, сыбайлас жемқорлық, мемлкеттік қызмет, ұлт жоспары, Жолдау

2018 жылдың 24 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Түлкібас ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесті. Іс-шараға Түлкібас ауданынан құрылған аудандық Арнайы мониторингтік топ мүшелері А.Т.Нуранов, Д.М.Абишев және М.С.Калтаев қатысты. Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік ...

Читать далее »

Кезекті жеке қабылдау Түлкібас ауданында өтті

Түлкібас ауданы, жеке қабылдау, сыбайлас жемқорлық

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев ағымдағы жылғы 24-қазанда «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдады. Басшының жеке қабылдауына алдын-ала жазылған Түлкібас ауданының тұрғындары қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын ...

Читать далее »

Түркістандықтар қала күнін атап өтті

Түркістан, қала күні, день города, праздник, облыс әкімі, аким области

Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.   «Елбасымыздың Түркістанды облыс орталығы деп әйгілеуі бекер емес. Бұл қаланы түркі әлемінің рухани, мәдени орталығы ету- алға қойған басты мақсатымыздың бірі. Өйткені, мұнда ...

Читать далее »