Журналистер наурызды ерекше атап өтті

Наурыз мейрамын тойлау… әлі жалғасуда. Көктем мерекесі саналған жаңа жылды… облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты ақпаратты талдау орталығы қызметкерлері атап өтті. Ұжым халыққа қалтқысыз қызмет етуден жалықпаған журналистер қауымын жинап, бір дастарханда бас қосты.

Түбі бір түркі халқы ұлыстың ұлы күнін жаңару мен рухани жаңғырудың мерекесі деп санайды. 5 мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамын өңір журналистері де естен кетпейтіндей ерекше жөн-жоралғымен тойлады. Қазақы салт-дәстүрімізді дәріптеп, Наурыз көжеден тоя дәм татты. Дәстүрлі ән орындады. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Мереке соңы… төртінші билік өкілдерінің… ұлттық спорт ойындары жарысымен аяқталды.

Сейдулла Аягөзов – Облыстық ішкі саясат басқармасы ақпаратты талдау орталығының директоры

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі, әрқашан халықтың жаңа мақсат тілектерімен басталатын болған. Ол мақсат-тілектер міндетті түрде орындалуын тілек етіп, ниет еткен. 00:43 Шараның мақсаты еліміздің, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, жалпы ұрпақ тәрбиелеудегі, БАҚ-ның өзіндік атқаратын қызметінің ізгі ниеттерін жеткізу болып табылады.

М.ӘСЕМБЕК    

Дереккөз: http://shymkenttv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*