Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинар — тренинг

   Елімізде адам құқықтары қалай қорғалып жатыр?  Құқықтық Қазақстанда тұрғындардың заң тұрғысындағы сауаттылығы қандай? Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында облыс әкімдігінде «Қазақстандағы Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты тақырыпта іргелі де көкейкесті мәселеге өзек болған жиын болып өтті. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия­ның хатшысы Тастемір Әбішев, ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарла­малар кеңсесінің құқықтық мәселелер және адам құқықтары бойынша ұлттық үйлестірушісі Гүлмира Куанжанова, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты Светлана Жаркенова семинар-тренингте адам құқықтарын қорғаудың маңызына аса мән беру керегі айтылды. Жиында Қазақстан Республикасының Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі жан-жақты зерделенді. Семинар-тренингте тыңдау­шыларға Адам құқықтарының Тұжырымдамасы, құқықтық мемлекет, құқықтық сана және құқықтық мәдениет, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын пайдалану принциптерін түсіндірді.

    Әрбір демократиялы мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және заңды бұзбауға міндетті. Осы мақсатта, оңтүстік өлкесіне келген ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін сөз етті. Жиында Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесі жан-жақты түсіндірілді.

    Аталмыш семинар-тренингке Ішкі саясат Басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» мамандары, құқық қорғау органдары мен сот органдарының, денсаулық сақтау, білім  мекемелерінің қызметкерлері мен жастар ұйымының өкілдері де қатысты.

      Елбасының бес әлеуметтік бастамалары мен оларды іске асыру тетіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. «Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренингті ұйымдастырушы тараптан адам құқықтарының қорғалуы туралы өте қажет ақпараттар айтылды. Заңды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп,айтылған  ұсыныстарына бей-жай қарамай, сауалдарға толыққанды жауап алынған шара мақсатына жетті. Заңгерлер,  үкіметтік емес ұйым мен БАҚ өкілдері тарапынан осындай семинар-тренингтер қолға алынып,  аудандар мен ауылдарда өтсе, халықтың құқықтық сауаты артып, еліміз құқығын қорғай алатын мемлекет ретінде танылатыны сөзсіз

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*