Түлкібас ауданы, жеке қабылдау, сыбайлас жемқорлық

Кезекті жеке қабылдау Түлкібас ауданында өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев ағымдағы жылғы 24-қазанда «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдады.

Басшының жеке қабылдауына алдын-ала жазылған Түлкібас ауданының тұрғындары қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Сұрақтар негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын жартылай өзгертуді заңдастыру және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша туындаған мәселелерге қатысты болды.

Департамент басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің барлық қызмет бағыттары бойынша кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.

Естеріңізге салсақ, алдағы уақытта Департамент басшысының «Skype» бейнебайланыс арқылы жеке қабылдауы өткізілуі жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*