100 нақты қадам, сыбайлас жемқорлық, мемлкеттік қызмет, ұлт жоспары, Жолдау

Түлкібас ауданындағы кездесуде Жолдау бағыттары мен факторлы-баллды шкала тәртібі түсіндірілді

2018 жылдың 24 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Түлкібас ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесті. Іс-шараға Түлкібас ауданынан құрылған аудандық Арнайы мониторингтік топ мүшелері А.Т.Нуранов, Д.М.Абишев және М.С.Калтаев қатысты.

Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы бағытында  атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

«Ұлт жоспарының алғашқы бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде жаңадан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданғанын және мемлекеттік қызмет саласында кәсібилікті қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.

Жүйелі жасалған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтен кету деңгейі 2 есеге төмендегенін, сондай-ақ, пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілгенін тілге тиек етті. Бұған қоса, ерекше қосқан үлестері мен жеке бастамалары үшін тиісті кезеңнің қорытындысымен қомақты бонустар төленетінін айтты.

Жиын соңында Департамент басшысы облыс орталығы Түркістан қаласында жаңа тестілеу орталығы ашылғанын және жуық арада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ашылуы жоспарланып отырғаны туралы жаңашылдықтармен бөлісті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*