Шардара ауданы, жеке қабылдау, сыбайлас жемқорлық

Жеке қабылдау Шардара ауданында жалғасты

2018 жылдың 1 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Шардара аудандық филиалында аудан тұрғындарының арасында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан және елді-мекендерден 3 тұрғын қатысып,  өз сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік қызмет атқарудағы өзгерістерге байланысты, яғни факторлы-баллды шкала, бонус, штат қысқарту, уәкілетті органдарға мемлекеттік жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды.

Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң талаптарына сай жауап беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.

Айта кетсек, 31.10.2018 жылы Департамент басшысының жеке қабылдауы алғаш рет «Skype» бейнебайланысы арқылы өтті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар ай сайын жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*