Галым Турсунбаев, А.Шайымова
«Цифрлы Қазақстан», бағдарламас

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУ

Өңірімізге арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шайымова Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Орталықтың негізгі мақсаты — жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкімет порталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілетін орталықта 20 — дан аса қызметтер, яғни жатақханаға орналасу, сынақ кітапшасын, мекен-жай анықтамасын, диплом түпнұсқасын алуға болады.

Осылайша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттердің уақыттарын үнемдеуге және алаңсыз білім алуына мүмкіндігін беріп отыр.

Естеріңізге салсақ, осындай орталық облыстық жоғары аграрлық колледжінде ашылып өз жұмысын жүргізуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*