Ғалым Сұлтанұлы «Рухани жаңғыру»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АРТЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

21 желтоқсан 2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында негізсіз қалу фактілерін жою және үстеме жұмыс мәселелері бойынша жиын өтті.

Іс — шараға облыстық басқарма және аумақтық департамент басшылары мен бейне-конференция байланыс арқылы қала, аудан әкімдері, аппараттар басшылары, дербес бөлім басшылары және қала, кент, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері және арнайы мониторинг топ мүшелері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Елбасы биылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасына жағымсыз әсер ететін мемлекеттік органдардағы артық жұмыс жасауын ерекше назарға алғанын» атап өтіп, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында негізсіз қалуы, демалыс және мереке күндері жұмысқа шығу фактілерін анықтауға байланысты жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесіне кеңінен тоқталып өтті.

Бұған қоса, Ғалым Сұлтанұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер өзгерістерді өзінен бастап сыйлықтар алмауды, ал өздеріне белгісіз себептермен келіп түскен сыйлықтарды арнайы қорға заңнамада көзделген тәртіппен тапсыру қажеттігін, сондай-ақ, мемлекеттік меншіктегі автокөлік құралдарын тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану керектігін ескертіп, қызметтік алаңдарды пайдалану нормаларының сақталуына жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындысын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев Түркістан облысы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында негізсіз қалу фактілерін жою және үстеме жұмыс мәселелеріне тоқталды.

Келесі кезекте облыс әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу топ басшысы-бас инспектор Ж.Орманов Түркістан облысында мемлекеттік органдарда «Shutdown» бағдарламасын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын соңында презентациялар көрсетіліп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*