СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

            «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің берде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. 

Н.Ә.Назарбаев

 

            12 наурыз 2019 жылы Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында Түркістан облысы әкімдігінің «Ақпарттық талдау орталы» КММ директоры т.ғ.д., РФ ЖҒА профессоры С.И. Айкозов мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқыды.

          «…Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу»

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың жаңа шаралары, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары және оған қарсы заңдар туралы түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*