ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі

Бір күнде теміржолшылардан 244 бұзушылық анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы аясында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп поездарда рейдтік шаралар жүргізді. Алғашқы рейдтік шара 12 наурызда №22ж/п Қызылорда-Семей бағытындағы поезында жүргізілді. Шара барысында 244 техникалық бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ, бірқатар вагондарда люм жарықтарының істен шығуы, салқындатылған су резервуарларының қолданыстан шығуы, терезелерде күннен қорғайтын перделердің болмауы.

Ал, 13 наурыз күні №75ж/п Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезында жүргізілген рейдтік шара барысында бір азаматтың поезға билетсіз орналасқан фактісі анықталды. Нәтижесінде жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған поезд механигі Р.Б.Раманкуловқа ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 4 — бөлігімен, ал жолсерік У.Г.Курымбековке осы Кодекстің 620 бабының 4 — бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, «Адал жол» Жобасы аясында Департаментпен жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*