Біздің тарихымыз

ОҚО  әкімінің 2016 жылғы 18 қазан №274 қаулысымен   Оңтүстік Қазақстан облысы  Ішкі саясат басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.  Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (1070-1958-24-МКМ) алынды.            

Мекеменің құрылудағы басты мақсаты

•  Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні облыс аумағында ақпараттандыру саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге ықпал ету.

Орталықтың негізгі міндеттері

  • Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау;
  • Облыстағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша  жедел және нақты ақпарат тарату;
  • Электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жасау;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарына контент-талдау;
  • Бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға ықпал ету;
  • Баспасөз мәжілістері мен брифингтер, сондай-ақ басқа да  іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы мен басқа да қолданыстағы заңнамалар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Медиа-сараптаманы дайындау, облыс әкімдігі мен әкімінің, «Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмаларын орындау.
  • Әлеуметтік медиада облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыста өткізілген іс-шаралар өзектілігін жоғалтпай сол күні ақпарат орналастырылуын қамтамасыз ету;

 

 

Орталықта бес  бөлім жұмыс жасайды:

1. «Өңірлік коммуникациялар қызметі» бөлімі

2. «Талдау және болжау» бөлімі

3. «Әлеуметтік желілерге мониторинг» бөлімі

4. «БАҚ саласындағы заңдылықты бақылау» бөлімі

5. «Ақпарат»  бөлімі